13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болды

Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс күндізгі сағат 16:27-де Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың 1-қабаттағы дүкеннің ішінде құрылыс жұмысы кезінде болғанын анықтаған. Газ ауа қоспасының жарылысы салдарынан 10 шаршы метр аумақта пластикалық құбыр жанған.

Төтенше оқиға кезінде 11 өрт сөндіруші мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

«Жарылыс салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 17:02-де оқшауланып, сағат 17:18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар