2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

«Шыбын ұшпайтындай жауып тастаңдар». Путин «Азовстальға» штурмды тоқтатуды бұйырды

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 21 сәуірде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде «Мариуполь қаласын бақылауға алғаны» жайлы есеп беріп, «тек «Азовсталь» комбинатының аумағына әлі бақылау орнатылмағанын» айтты.

«Украиналық күштер мен шетелдік жалдамалылар «Азовсталь» ішінде қамалып отыр. Қаланы толығымен бақылауға алуға 3-4 күн керек» деді Шойгу.

Путин Мариупольдегі «қарулы жұмысты» «сәтті» деп атап, ресейлік әскерилерге награда беруді тапсырды. Ресей президенті «Азовстальға» штурмды «бос іс» деп атап, Шойгуға комбинатқа штурмды доғаруды бұйырды.

«Бұл жағдайда біз солдаттарымыз бен офицерлеріміздің өмірін сақтауды ойлауымыз керек. Бұл катакомбаға жолаудың қажеті жоқ, өнеркәсіп базасының астына түсудің де керегі шамалы. Өнеркәсіптік аймақты шыбын ұшпайтындай жауып тастаңдар» деді Путин.

21 сәуірде Украина вице-премьері Ирина Верещук Ресей әскерилерінен «Азовстальдан» гуманитарлық дәліз ашуды талап етті.

«Қазір комбинатта мыңдай бейбіт тұрғын мен жараланған 500 әскери бар. Оларды «Азовстальдан» бүгін шығар керек! Әлем лидерлері мен халықаралық қауымдастықты «Азовстальға» көңіл бөлуге шақырамын» деді ол.

Мариуполь қаласы 1 наурыздан бері Ресей әскерінің қоршауында қалған. Украина билігі қаладағы 80-90 пайыз инфрақұрылым толық қирағанын, қалада 20 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болғанын мәлімдеген.

Бұл қаланы негізінен украиналық «Азов» батальоны қорғаған. Ресей билігі «Азов» батальонын «националистер» деп, Мариупольді «националистердің астанасы» деп атайды. Киев қалада 10 мыңнан аса адам қалғанын, Ресей күштері оларды қаладан шығармай отырғанын айтқан.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар