13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

ШҚО: ауылға алты мектеп салынады

Қазіргі уақытта өңірде 342 мектеп жұмыс істейді, онда 96 488 бала білім алып жатыр. Өткен жылға қарағанда биыл оқушылар саны екі пайызға өсті.

Жауапты тұлғалар «Сапалы білім беру. Білімді ұлт» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында аймақ билігінің алдында тұрған міндеттердің бірі – оқушылардың білім сапасын жақсарту және қалалық мектеп пен ауылдық мектеп арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту екенін айтты.
– Басты назарымыз орта білім беру жүйесіне аударылады. Бүгінгі таңда біз оң динамиканы көріп отырмыз. 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша білім беру сапасы 63,6%-ды құрады, бұл 2021-2022 оқу жылының 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары (62,7), – деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Айта кету керек, былтыр білім беру инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді. Төрт жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның үшеуі ауылдық жерлерде орналасқан.
– 2025 жылға дейін салынатын 17 мектептің алтауы ауылдық жерлерде бой көтереді. Білім беру ұйымдарында шатырларды, электр-жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл үш білім ордасына күрделі жөндеу, 24 білім мекемесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған, – деп толықтырды Чернышева.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар