13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Шенеунікті кәсіпкер бопсалапты

Түркістан облысында шенеунікті бопсалаған кәсіпкер ұсталды. Ол оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратамын деген дәйекпен қорқытқан.

Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Дерекке сүйенсек, Шымкент қалалық полиция департаментіне мекемелердің бірінің басшысы арызданған. Ер адам өзін кәсіпкердің қорқытып жүргенін айтады. Дерек іс шаралар нәтижесінде күдікті ақшаны қолма-қол алу кезінде ұсталып отыр.

Іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратамын деп 50 миллион теңге бопсалаған. Жедел уәкілдер қылмыстық кодекстің 194 бабы «қорқытып алу» бойынша тіркеп, күдіктіні іс үстінде ұстады,

— делінген ақпратта.

Сонымен қатар, полицияның хабарлауынша кәсіпкер бұған дейін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысып жеңіліпқалған мегополис тұрғыны болып шықты. Салдарынан ол өз жеңілісін осындай жолмен ақтамақ болған көрінеді. Күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар