22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара 17 жасында осы ұйымның арнайы сертификатына ие болды» делінген хабарламада.

Ұйымның ресми құжатында «әйелдер арасында блиц бойынша ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген» және «2021 жылы Варшавада (Польша, 2021 жыл 30 желтоқсан) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында 17 жас 307 күнде жеңіске жетті» делінген.

Одан кейін Ассаубаева «блиц» бойынша бірінші орын алып, әйелдер арасында әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы атанды.

Сондай-ақ, осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (Рапид) 2 орынға ие болды. Шешуші ойындарда Бибісара тәжірибелі грузин шахматшысы, гроссмейстер Нана Дзагнидзені, жерлесі Әсел Серікбайды жеңіп, халықаралық чемпионаттың жеңімпазы гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түсті.

«Қазақстанның шахмат тарихындағы ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, әлем жеңімпазы Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасындағы халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021)» деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар