1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Серік Күдебаев – Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті

 

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы «Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк» бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Қүдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз» делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, «соған байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес».

Еске салайық, Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев 18 ақпанда қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Сәуірдің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған Бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараты және Алматы әуежайының қараусыз қалуына қатысты тексеру жариялағаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Ведомство басшылары күдікті деп танылғаны айтылды.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар