22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

«Сендерді ешкім күтіп отырған жоқ»: Шораев ресейліктерге ескерту жасады

 

Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жасап, Қазақстанға қоныс аударып жатқан Ресей азаматтарына ескерту жасады.

Шораевтың айтуынша, Ресейге әлем елдерінен санкциялар салынғаннан кейін, Қазақстанға қоныс аударуға ниетті ресейліктер көбейген.

– Санкциялардан кейін Қазақстанға Ресей азамааттары келіп жатыр. Сендер Украинаның берекесін алып, бейбіт тұрғындар, балалар мен қариялар қаза тапқан кезде үнсіз қалдыңдар. Ресей қалаларына ешкім бомба тастап жатқан жоқ. Сол себепті өздеріңнің «Солтүстік Кореяларыңнан» қашудың еш себебі жоқ. Сендер үнсіз қалуларың арқылы Путиннің қолдаушысы болдыңдар. Бізге келіп, ертеңгі күні «Путин мұнда әскер кіргіз» дейсіңдер. Сендерді мұнда ешкім күтіп отырған жоқ, билет сатып алмаңдар, – деді Шораев.

Арман Шораев 2004 жылдан 2006 жылға дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ орталық бюросын басқарды. Кейін «Хабар» Агенттігі» АҚ бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін «Коммерциялық теледидар арнасы» АҚ «КТК»-ның бас директоры болды. 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі болды.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар