6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Семейдің сәнін келтіру үшін

Биыл 32 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен өткен кездесуінде мәлімдеді.

”Биыл қала әкімдігі қаланың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін тұрғын үй шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады”, -деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қасбеттерді жөндеу жұмыстары әртүрлі көшелердегі тұрғын үйлерге жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына муралдар бейнеленетін болады.

“Тұрғын үйлердің сыртына Семей қаласының туристік келбетін бейнелейтін және қалаға ерекше көрік беретін муралдарды салуды жоспарлаудамыз. Мысалы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Момышұлы, Қ. Сәтбаев көшелеріндегі үйлерге сол ұлы тұлғалардың бейнелері бар муралдар салынады. Сонымен қатар, №1 шағын аудандағы бірнеше үйдің қабырғаларына Абай облысының көрікті жерлерінің суреттері бейнеленеді”, -деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар