18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

«Саяси мәлімдеме» жасамақ болған Болат Әбілов баспасөз жиынын басқа күнге ауыстырды


12 мамырда «саяси мәлімдеме» жасамақ болған қазақстандық кәсіпкер Болат Әбілов жиынға бір күн қалғанда баспасөз жиынын басқа күнге ауыстырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен аптада шараны өткізуге келіскен қонақ үй әбден тақалғанда жиынды өткізуден бас тартқан.

Өткен аптада келіскенімізбен бүгін (11 мамыр – ред.) бізге шараны өткізе алмайтынын айтты. «Зал бос емес және дұрыс қарамаптық» деді. Кешірім сұрады. Менің ойымша, оларға қысым жасаған сияқты, – деді Болат Әбілов Азаттыққа.

Осыған дейін журналистерге 12 мамырда Алматыдағы қонақ үйлердің біріндегі конференция залында баспасөз жиыны өтетіні жайлы хабарлама түскен. Онда Болат Әбіловтің мәлімдеме жасайтыны да хабарланған еді. Бірақ жай-жапсары айтылмаған. Кейбір белсенділер мен саясаттанушылар Болат Әбілов партия құратынын мәлімдейді деп болжаған.

Сәрсенбі күні Азаттық тілшісі саясаткерден осы жөнінде сұраған кезде ақпаратты растамады, терістемеді де. Ол конференцияның уақыты мен орнын алдағы уақытта хабарлайтынын жеткізді.

Болат Әбіловтің ойынша, кейінгі кезде оны біреулер «аңдып», «әңгімелерін тыңдай бастаған». Ол жуырда Қаңтар қырғыны кезінде 200-ден астам адамның өліміне күдіктілер әлі анықталған жоқ деп мәлімдеген. Ол осы жайт баспасөз жиынының өтпей қалуына себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Саясаткер билікті «өз азаматтарына тирда атқандай оқ атқан қанішерлердің атын атап, түсін түстегісі келмейді» деп тағы айыптады.

Кәсіпкер, саясаткер Болат Әбілов – 2000-жылдардың басында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі, «Ақжол» партиясының тең төрағасы болған. 2013 жылы қыркүйекте Әбілов «шығармашылықпен» айналысатынын мәлімдеп, саясаттан кеткен.

Қаңтар оқиғасынан кейін Әбілов интернетте видеомәлімдеме жасап, қаңтар құрбандарын еске алу үшін «қаралы жиынға» шақырған. Ол митинг кезінде «бірінші президент туралы» заңның күшін жойып, Назарбаев көшесін Қаңтар деп атап, онда оқиға құрбандарына ескерткіш орнатуды ұсынған.

Бірнеше аптадан соң белсенділермен бірге Әбілов те ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Акцияға қатысқандардың кейбірі әкімшілік қамауға алынды. Әбіловке айыппұл салынды.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар