-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Саяси белсенді Ермек Нарымбай Заречный түрмесіне ауыстырылды


Жуырда Қазақстанға оралып, әуежайдан бірден ұсталған саяси белсенді Ермек Нарымбай Алматы облысы Заречный кентіндегі қауіпсіздігі орташа режимдегі түрмеге ауыстырылды. Бұл жөнінде адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, белсенді 17 ақпанда күндіз аталған абақтыға этаппен жеткізілген.

– Шекараны заңсыз кесіп өту бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. (Қазақстанда бостандығы шектелген белсенді 2016 жылы елден кетіп қалған – ред.) Ол сол кезде өзінің шекараны қалай кесіп өткенін айтқан. Содан соң із қозғалған. Ол елде болмағандықтан іс тоқтап қалған еді. Қазір қайтадан жанданды. ҰҚК-дан тергеуші келді. Қазір сол тергеуге кетіп бара жатырмын. Тергеуші одан сұрақ-жауап алады. Сосын Қордайға барып, ол қай жерден кесіп өткенін көрсетеді, – деді адвокат.

2015 жылғы қазанда Қазақстан соты азаматтық белсенділер Ермек Нарымбай мен Серікжан Мәмбеталинді Мұрат Телібековтің «Ветер с улицы» кітабының үзіндісін әлеуметтік желіге жариялағаны үшін соттаған. «Алауыздық тудырды» деген айып тағылған Нарымбай үш жылға, Мәмбеталин екі жылға бостандығынан айырылған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар қамаудағы Нарымбай мен Мәмбеталинді «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген. Кейін екеуі де ісіне «өкінетіні» жайлы хат жариялады. Нарымбай тергеу абақтысында бір айдан астам уақыт аштық жариялап жатты, 2016 жылғы 22 ақпанда сот оны үй қамағына ауыстырған соң белсенді аштығын тоқтатты. Кейін апелляция соты оның жазасын жеңілдетіп, еркіндігін үш жылға шектеуге алмастырған. 2016 жылғы шілдеде Ермек Нарымбай Қазақстаннан биліктің рұқсатынсыз Украинаға кетіп қалды.

Ермек Нарымбай 2010 жылғы 1 мамырда Алматыда сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап еткен демократиялық күштер жиынында «Назарбаев, кет!» деп ұрандаған. Сол күні кешке оны полиция ұстап әкетіп, «тәртіп бұзды» деген айыппен 15 тәулікке қамаған. Кейін қамауда отырған белсендіге «сотқа құрмет көрсетпеді» және «полицейлерге қарсыласып, күш көрсетті» деген айыптар тағылды. Алматының Бостандық аудандық соты осы екі айып бойынша 2010 жылғы 26 маусымда Ермек Нарымбайды төрт жылға бостандығынан айырды. 2012 жылғы 25 ақпанда билік рақымшылық жасап оны қамаудан босатқан.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар