15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

«Саусағымды шабамын!» – қамаудағы журналистің мәлімдемесі

Адвокат Жалғас САПАРХАНОВА Талдықорған қаласындағы тергеу абақтысында қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәріммен кездескенін, журналистің өзін жарақаттағанын мәлімдеді.

«Бүгін Талдықорған қаласындағы 71 тергеу абақтысында отырған Дәкеңмен (Думан Мұхамедкәріммен – ред.) кездесіп, көріп шықтым.

Дәкеңнің осы уақытқа дейін қойған талабы әлгі күнге дейін орындалмай келе жатқанын білесіздер, талабы – Алматы қаласында орналасқан 72 мекемеге өзін ауыстыру еді, себебі ата-анасы зейнеткер жаста болғандықтан, олардың келіп-кетуін алаңдайды, уайымдайды.

Осы талабы орындалмай жатқандықтан, 19.08.2023 жылы күндіз сағат 15:00 шамасында сол қолындағы бесінші, кіші саусағын шаппақ болған, қапаста ешбір темір зат болмағандықтан, пластикалық затты алып, саусағын шаппақ болғанда пластикалық зат сынып кеткен, нәтижесінде саусағы жырылып, көгеріп, ісіп кеткен.

Көріп, уайымдап қалдым, «талабым орындалмаса, саусағымды бір күні шабамын» деп отыр.

Бүгіннен бастап 01.09.2023 жылға дейін талабым орындалмаса, 01.09.2023 жылдан бастап аштық жариялайтынын, содан соң саусағын шабатынын мәлімдеді.

Дәкеңнің талабы орындалуға жататын талаптардың бірі деп санаймын.

Дәкең – өз ісінің нағыз шебері, қазіргі таңда Дәкеңдей азамат кемде кем, орны қатты білініп жүр», – деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар