Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Үндістандық сиропты ішкен 68 бала қаза тапты - Компания басшысы 20 жылға сотталды

05 июл. 2024 186

Өзбекстандағы Ташкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық инстанциясы Үндістанның Marion Biotech компаниясы шығарған "Док-1 Макс" шәрбатынан қаза болған балалар өлімі бойынша істе бірінші сатыда шыққан үкімді өзгертпеді деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

26 ақпанда Өзбекстандағы сот Сардор Кариевті 18 жылға, оның орынбасарларын 16 жылға, ал дәрі-дәрмек импорттаушы Quramax компаниясының бұрынғы директоры, Үндістан азаматын 20 жылға бостандығынан айырған.

Сот оларды қаза болған 68 бала мен зардап шеккен 16 баланың отбасына 75,6 млрд сом моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген, балалар "Док-1 Макс" және "Амбронол" дәрісін ішіп уланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?