16 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

Роскомнадзордың хатынан кейін Ресейде «Настоящее Время» сайты бұғатталды

[ad_1]

28 ақпанда Ресейде «Настоящее Время» сайты бұғатталды. Одан бір күн бұрын Роскомнадзор телеарна сайты шектелетіні жөнінде хабар берген.

Ведомство хатында «сайтқа заңға қайшы ақпараттар салынып, таратылған» деп көрсетілген. «Ресей қарулы күштерінің арнаулы әскери операциясы барысында Ресей әскери қызметкерлерінің Украинада өлгені, тұтқынға түскені туралы расталмаған ақпарат таратылған. Мұндай ақпараттар мен Ресей Федерациясы азаматтарының жеке мәліметтерін тарату – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіреді» дейді хат.

Роскомнадзордың жазуынша, егер телеарна «заңға қайшы ақпаратты алып тастайтын болса, онда бұл жөнінде ақпараттық технология жөніндегі Федералды қызметке хабарлауға тиісті».

«Настоящее Время» Роскомнадзор хатында көрсетілген ақпараттарды алып тастамайтынын мәлімдеді.

Роскомнадзор «Новая газета», «Медиазона», «Дождь» секілді Ресейдің өзге де ақпарат құралдарынан Украинадағы жағдайды соғыс деп көрсеткен матереиалдарды жоюды талап кеткен.

24 ақпанда Роскомнадзор Ресей БАҚ-тарына «тек қана ресми ақпарат» таратуды міндеттеп, талап орындалмаса жабылатынын ескерткен.

25 ақпанда Роскомнадзор билікшіл «РИА Новости», «Лента.ру», «Газета. ру» және «Звезда» телеарнасының аккаунтын шектегені үшін Facebook жылдамдығын баяулатып, ішінара кедергі жасаған.

26 ақпанда Роскомнадзор журналистерге Украинадағы жағдайды Ресей шабуылы, соғыс деп атауға тыйым салған.

[ad_2]

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар