5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

ригожиннің ұшағындағы адамдар анықталды

Пригожинмен бірге ұшақта болған 10 адамның аты-жөні белгілі болды.

Вагнер жалдамалы әскердің иесі Евгений Пригожинмен осы топтың әскери командирі Дмитрий Уткиннің мәйіттері ұшақ құлаған жерден табылған. Бұл туралы Кремльге жақын деп саналатын ВЧК-ОГПУ телеграм-каналы хабарлады.

«Пригожин мен Уткиннің мәйіттері табылып, кім екені анықталды. Ресей уақытымен сағат 21:30-да Пригожин ұшағындағы 10 адамның барлығының мәйіті табылды. Негізгі ресми нұсқа – «аспандағы жарылыс»,- делінген хабарламада.

Ресейдің Росавиация мемлекеттік агенттігі де Пригожин мен Уткиннің қайтыс болғанын растады.

«Әуе компаниясының мәліметінше, Embraer – 135 бортында келесі жолаушылар болған: Пропустин Сергей, Макарян Евгений, Тотмин Александр, Чекалов Валерий, Уткин Дмитрий, Матусеев Николай, Пригожин Евгений. Экипаж мүшелері: командир – Левшин Алексей, екінші ұшқыш – Кәрімов Рустам, стюардесса – Распопова Кристина.

Қайтыс болғандардың арасында Пригожиннің тағы бір орынбасары – «Вагнер» қауыпсіздік қызметінің жұмысын басқарған Валерий Чекалов та бар. Ол кәсіпкердің барлық қимыл-қозғалысын білетін жалғыз адам болатын. Өйткені көлік логистикасын басқарған.

Кеше Ресейдің Тверь облысында Вагнер компаниясының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақтың апатқа ұшырағанын көрген  куәгерлердің айтуынша, әуелі екі жарылыс дыбысы естілген, содан кейін ұшақ құлап, бөлшектеніп кеткен.

Желіде ұшақ қалдықтарының суреттері пайда болды. Суретте әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарының тескен сынықтарда кездеседі.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар