14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Ресейлік сарапшы Қазақстан Украинаға қару тасымалдауда деп айыптады

Ресейлік сарапшы Қазақстан Украинаға қару тасымалдауда деп айыптап отыр. Әңгіме Қазақстаннан Украинаға Ұлыбритания арқылы ауыр қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізу туралы ашылған құжат туралы, деп жазады Alash.kz порталы skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат Д-20 гаубицасына арналған 122 мм снарядтарды, Д-30 гаубицасына арналған 152 мм снарядтарды және БМ-21 «Град» реактивті снарядтарын жеткізуді көздейді.

Снарядтардың жалпы саны – 20 000, ал зымырандар-33 000.

Мәміле құны 69 520 000 долларды құрады.

Бұл ретте мәміленің өзін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы Британиялық әскери атташемен ынтымақтастықта қадағалады.

Сондай-ақ 200 БТР-4 және миномет оқ-дәрілерін жеткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар