10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Ресейдің Украинадағы соғыста жүрген 150-ге жуық жауынгері келісімшартын үзіп, үйлеріне қайтқан


Бурятияның Ресей әскерінде келісімшартпен қызмет етіп, Украинада соғыста жүрген 150-ге жуық жауынгері «қылмыстық іс қозғалады» деген қоқан-лоқыға қарамастан келісімшартын үзіп, үйлеріне қайтқан. Бұл жөнінде «Азат Бурятия» қоры хабарлады. Жауынгерлер Украинадан 9 шілдеде оралған.

Қор жетекшісі Александра Гармажапова әскерден босап келгендерге «өзінің де, өзгелердің де өмірін сақтап қалғаны үшін» алғыс айтқан.

«Путиннің амбициясы үшін соғысып, босқа өлудің керегі жоқ», – деді ол.

Бұған дейін Қабардин-Балқар республикасындағы Росгвардия қызметкерлері және Хакасия мен Кемер облыстарындағы арнаулы жасақ жауынгерлері Украинадағы соғысқа барудан бас тартқаны туралы хабар шыққан. Бұл ақпаратты жариялаған бірнеше журнлаист пен қоғам белсенділеріне «Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратты» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар