10 C
Almaty
Сейсенбі, Мамыр 30, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Ресейдің Лондондағы елшілігі «Азов» полкінің жауынгерлерін дарға асуға «үндеді»


Ресейдің Ұлыбританиядағы елшілігі 29 шілдеде Twitter’де «Азов» полкінің жауынгерлерін «жәй өлтіру жеткіліксіз, оларды дарға асқан дұрыс» деп жазды. Бір күн бұрын Донецк облысы Еленовкадағы колонияда ондаған украин тұтқыны, арасында «Азов» полкінің де жауынгерлері да бар, опат болған. Киев қанды оқиғаға Ресей әскерін кінәлады. Ресей елшілігінің жазбасы осы оқиғадан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болды.

«Азов» содырлары өлімге лайық, бірақ оларды оқпен атып емес, дарға асу керек, себебі олар нағыз жауынгер емес. Олар абыройсыз өлімге лайық» деп жазылған Ресейдің Лондондағы елшілігінің парақшасында.

Жазбада елшіліктің Youtube арнасында жарияланған видеоға сілтеме бар. Ол видеода өздерін Мариуполь тұрғындары деп таныстырған ер адам мен әйел адам украин әскерінің өздеріне «Азовсталь» зауыты аумағынан оқ атқанын айтады. Видеода дарға асу жөнінде сюжетте сөйлегендердің бірі айтады, алайда Ресей елшілігі жазбада оның цитата екенін атап көрсетпеген. Видеоның астына комментарий жазғандар сюжетте сөйлеген адамдардың шынайы жайтты айтып отырғанына күмән келтіреді.

Әлеуметтік желі Ресей елшігінің жазбасын өшірмеген. Онда аталған жазба өшпенділікті қоздыруы ықтимал деген ескерту бар, алайда жазба ашық тұр.





Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар