-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Ресейдің автомобиль өнеркәсібі тұралады

Украинаға басып кіргелі Ресей автомобиль рыногында автобөлшектердің көптеген түрін заңды жолмен сатып алу мүмкін болмай қалды, табылғанының өзі соғыс басталғанға дейінгі бағадан еселеп қымбаттаған. Мұны Ресей тұтынушыларымен сөйлескен The Guardian хабарлап отыр.

Автомобильді жалға берумен шұғылданатын Мәскеу тұрғыны Эльдар Гаджиев автобөлшек тапшылығына кез болған. Ол автобөлшек дүкені бірнеше ай күтуге тура келетінін айтқан соң, керек затын әлеуметтік желі арқылы іздеп көрген. Ал онда тез-ақ тауып беруге дайын ондаған «дилер» шыққан.

Гаджиев әлеуметтік желідегі «дилерлер» ұрлықы бөлшек ұсынып отыр деп күдіктенеді. Көлігін жөндеп біткенде, соғысқа дейінгі бағадан сегіз есе көп төлеген.

Мәскеудегі автомобиль жөндейтін фирма иесінің айтуына қарағанда, ақпанда рубльдің күрт құнсызданғанына байланысты автобөлшектерге арналған ірі қоймалар жабылып қалған. Тіпті, тапсырыс алып қойған бөлшектің өзін бермеген. Оның сөзінше, Ресей әскері Украинаға басып кірген соң автобөлшектер шарықтап, 900 рубль тұратын зат 7000 рубльге бір-ақ шыққан.

Ресейдің авиация саласындағы жағдай мұнан да қиын болуы мүмкін. Авиация мамандары ескі ұшақтардың бөлшектерін жаңа ұшақтарға салып, амалдап жатқанын айтады. «Егер ахуал өзгермесе, онда Ресей авиаөнеркәсібінің жұмысы бір жылдан аспайды«, – дейді авиақұрылыс компаниясының менеджері.

Ресейдің ірі автоөндірісі «АвтоВАЗ» керек бөлшектер жоқтығына байланысты жұмысын екі айға тоқтатқан. Сәуір айынан бастап компания қызметкерлері әуелі корпоративті, кейін мәжбүрлі демалысқа шыққан. «АвтоВАЗ» шығаратын жаңа Lada Grantaда қауіпсіздік жүйесінің негізгі функциялары болмайды, тежегіштің блоктау жүйесі мен қауіпсіздік жастығы жоқ.

2022 жылы 24 ақпанда Реесй Украинаға басып кірген соң мыңдаған компания Ресейдегі жұмысын тоқтатты. АҚШ пен Еуропа елдері Ресей компанияларымен жұмыс істеуге тыйым салатын немесе шектейтін санкцияларды үстін-үстіне қолданып жатыр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар