1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдында белсенділер наразылық өткізді

24 ақпанда түсте Oyan, Qazaqstan қозғалысы өкілдері Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдында наразылық өткізіп, Ресейдің Украинаға қатысты әрекетін айыптады.

– Біз түбегейлі түрде соғысқа қарсымыз. Ресей Украинаға соғыс ашты, суверенді мемлекетке шабуыл жасады. Біз мұндай әрекетті қолдамаймыз. Украинамен бірге екенімізді білдіргіміз келеді. Қазақстанда оларды түсінетін, қолдайтын адамдар бар екенін, жалғыз емес екенін жеткізгіміз келеді. Сол себепті наразылық білдіру үшін Ресей консулдығына келдік, – деді белсенді Дархан Шәріпов.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратты:

Жиналғандар «Слава Украине!» (Украина жасасын!) деп айқайлады. Олардың қолында Украина туы мен «Украинадан қолыңды тарт! Соғыс болмасын!» деген ағылшынша және украин тілінде жазылған плакаттар болды.

– Украинаны қолдау үшін осы жерге келдім. Таңертеңгі ақпараттардың барлығы мені де ашуландырды. Себебі барлығымыз Үшінші дүниежүзілік соғысқа куә болып отырмыз. Бұған қоса, бұл жағдай біздегі Қаңтар оқиғасына да ұқсас, – деді Әмина есімді белсенді.

Оқиғаны полиция сырттай бақылап тұрды.

  • 24 ақпанда Ресей басшысы Владимир Путин ресейлік мемлекеттік телеарналардан мәлімдеме жасап, Донбаста «арнайы операция» бастайтынын хабарлаған. Бұдан соң Украинаның бірқатар қалалары мен облыстарында жарылыс болғаны, оқ атылғаны жайлы ақпарат үдеген. Куәгерлердің айтуынша, Донбастың өзінде ресейшіл сепаратистер тарабынан атқылау күшейген, Украинаның барлық-дерлік аумағында әскери нысандар шабуылға ұшыраған.
  • НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украинаға қатысты әрекетін айыптады. Украина басшысы Владимир Зеленский халыққа үндеу жасап, үрейленбеуге шақырды. Елде әскери жағдай жарияланды. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Мәскеуді «адамзат үшін әскерін Украинадан әкетуге» үндеді.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар