5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Ресейді барлық континенттерге танытып , Африканы азат етеміз. – Вагнер Африкадан мәлімдеме жасады

Вагнер ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресейдегі сәтсіз төңкерістен кейін өзінің алғашқы бейнеүндеуін жасап, Африкада екенін айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Telegram арнада жарияланған бейнеде Пригожиннің жауынгерлік киім киіп, Вагнер ЖӘК-нің Африканы тәуелсіз елге айналдыратынын айтады. Ол Вагнер әскерінің пайдалы қазбаларды барлаумен айналысатынын, сонымен қатар исламшыл содырлармен және басқа да қылмыскерлермен күресетінін жеткізді.

«Біз жұмыс істеп жатырмыз. Температура +50  градус болса да бізге бәрі ұнайды. Вагнер ЖӘК барлау және іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Ресейді барлық континенттерге танытып, Африканы азат етеміз. Біз жеңіске жетеміз деп өзімізге уәде бердік», – деді Пригожин.

Вагнердің мыңдаған жауынгерлері мен табысты бизнесі бар. БҰҰ мен құқық қорғау топтары оның сарбаздарын Мали мен Орталық Африка Республикасында әскери қылмыс жасады деп айыптауда. Өткен айда Вагнер әскерінің екі жетекшісі ОАР-дағы операцияларының бірінде бейбіт тұрғындарды азаптап өлтірген.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар