Ресейдің бес қаласында дауыс беру учаскесіне 1800-ден астам Қазақстан азаматы келіп дауыс берді.
«Алдын ала деректер бойынша, қатысуға тіркелген 1876 адамның 1025-і Мәскеуде, Петербургте 514-тен 514-і, Қазанда 107-ден 107-і, Астраханда 114-тен 113-i, Омбыда 52-ден 52-і дауыс берді», – делінген Ресейдегі Қазақстан елшлігінің хабарламасында.
Сайлау комиссияларының мүшелері бюллетеньдерді санау рәсіміне кірісті.
Мәскеуде дауыс беру белсенділігі жоғары болды. Адамдар учаске алдында кезекке тұрды.