-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ресей украиндықтарға жасаған жауыздығын өз халқынан жасырады

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 12 маусым – «Ресей күні» Ресей халқына бейбіт өмір, ашық қоғам тіледі.

«1990 жылдың 12 маусымында Ресейді әлемнен бөліп тұрған кедергілерді алып тастап, Ресей халқының бостандығы мен демократияға барар жолға арналған маңызды қадам жасалды. Ресей халқы қуғын-сүргінсіз өмір сүруге, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын еш қысымсыз еркін пайдалануға лайықты«, – дейді Блинкен.

АҚШ мемлекеттік хатшысы қазір Кремль азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ-тарға қысым көрсетіп, қуғын-сүргінді күшейтіп отырғанын айтты.

«Билікке шындықты айтқаны үшін «қылмыскер» болып, қамауда отырған Ресей азаматтары өте көп» деді ол.

Блинкеннің пікірінше, Кремль өзіне еш қауіп төндірмеген көршілес егемен елге қарсы ақтауға болмайтын соғыс жүргізіп, өз азаматтарын саяси қуғын-сүргінге салып отыр. «Ресей үкіметі Украина халқына жасап отырған жауыздығын өз халқынан жасырғысы келеді«, – дейді үндеуде.

«Соғыс Кремльді халықаралық қауымдастықтан оқшауландырып, Ресей азаматтарын болашақта өз көршілерімен тату өмір сүру мүмкіндігінен айырды» дейді мемлекеттік хатшы. Ол оқшаулауды Ресей басшылығы шешімдерінің нәтижесі деп атады. Блинкен сөзінше, «Ресей азаматтары әлі де бостандық пен жақсы өмірге ұмтылып отыр, алайда оған да үлкен тәуекел керек».

«Ресей күні» Еуропаның бірнеше елінің астаналарында соғысқа қарсы акциялармен есте қалды. Акцияларды негізінен Ресей эмигранттары ұйымдастырды. Лондон, Варшава, Берлин, Хельсинки, Париж, Прага, Вена, Тбилиси және Ереванда өткен акцияларға жүзден бес жүзге дейін адам қатысқан.

Лондон көшесіндегі шеруге Ресей эмигранттарымен қатар Украина босқындары мен жергілікті тұрғындар шыққан, олар «Ресейге азаттық, Украинаға бейбітшілік!», «Путин мен Лукашенко – террорист«, «Ресей халқы бейбітшілікті қалайды« және «Путин – адам өлтіргіш« деп ұрандатқан.

  • Бұған дейін Латвия сыртқы істер министрлігі Ресейге Украинамен соғыста жеңіліп, қазіргі заманғы құқықтық мемлекет құруға қол жеткізуге тілектестігін білдірген. Ал Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын «Ресей әрекетін толық қолдайтынын» айтып, «Ресей күнімен» құттықтаған.
  • 1990 жылы 12 маусымда РСФСР халық депутаттарының бірінші съезі Ресей Федерациясының егемендігі туралы декларация қабылдаған болатын. Бұл күн 1992 жылдан бастап мерекеге айналған. 1991 жылы 12 маусымда Ресей президентін сайлау өтіп, Борис Ельцин жеңген.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар