-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ресей Украинадан ұрлаған астықты Қырым арқылы шетелге шығарып жатыр


Ресей өзі басып алған жердегі Украина астығын аннексияланған Қырымға тасып, әрі қарай Түркия, Египет, Сирияға апарып жатыр. «Схемалар» бағдарламасының (Азат Еуропа/Азаттық радиосының жобасы) және Би-би-си мен Reuters зерттеушілері осындай қорытындыға келген» деп хабарлайды Настоящее Время телеарнасы.

Қазіргі уақытта Украина «Ресей кем дегенде 400 мың тонна астығымызды ұрлады» деп отыр.

«Схема» журналистері Украинаның ұрланған астығы тиелген жүк кемесі «Қырымдағы Севастополь портына жеткенде радарды ажыратып тастайтынын, сол себепті оны кеме мониторингімен бақылау мүмкін болмай қалатынын айтады. Алайда жүк артып бара жатқан кемелерді спутиниктен жасыру мүмкін емес» дейді зерттеуде.

Журналистер былтырғыдан гөрі биыл Қырымнан әлдеқайда көп астық шығарылып жатқанын анықтаған. Олар «Қырымда астықтың соншалық көп болуы және оның бәрінің Ресей мен Қырымды жалғайтын жалғыз көпір арқылы тасымалдануы мүмкін емес. Ресей Украина жеріндегі астықты жүк көліктерімен де тасуға көшкен» деп санайды.

Қырым түбегінен астықты кемемен алып шығып жатыр. Тек Севастополь қаласынан емес, Феодосия мен Керчь порттарынан да шығып жатыр. Бұл схеманы Қырымның Украина тағайындаған, Киевте тұратын прокуроры Игорь Поночовный да растап отыр.

Поночовныйдың сөзінше, ұрлықпен айналысып жүрген кемелер жалған кұжат жасап алған. Жалған құжатта кемелер Қырымнан емес, Дондағы Ростовтан, Новороссийск пен Ресейдің өзге де порттарынан шыққан деп көрсетілген.

Біріккен ұлттар ұйымы мен әлемнің көптеген елдері Ресей басып кірген соң Украина жерінен теңіз арқылы астық пен өзге де азық-түлік әкету мүмкін болмай қалғанына алаңдаушылық білдірген. Мұның соңы әлемнің кедей елдерінде аштыққа ұласуы мүмкін деген қауіп бар. Ресей өзіне артылған кінәні терістеумен шұғылданып келеді.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар