20 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Ресей химиялық қару қолданатын операция жоспарлауы мүмкін


Ресей Украина аумағында химиялық қару қолданатын операция жоспарлауы мүмкін. Немістің Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг осылай деп мәлімдеді.

Столтенбергтің айтуынша, Кремль өз шабуылын ақтау үшін Украинадағы «биологиялық қару шығаратын зертханаларға» көптің назарын аудартып отыр.

«Енді осындай жалған мәлімдемелер жасалғаннан кейін біз өте сақ болуға тиіспіз, себебі осы жалған тұжырымды пайдалана отырып, Ресейдің өзі химиялық қару қолданатын операциясын жоспарлап жатқан болуы мүмкін» деді НАТО бас хатшысы.

Егер Ресей химиялық шабуыл жасаса, онда бұл әскери қылмыс болады деді ол.

Осыған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі Украина Ресей шекарасына жақын жерде арнайы биозертханаларда биологиялық қарудың компоненттерін дайындады деп мәлімдеген.

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, Ресей армиясы соғыста 12 мыңнан астам солдатынан айырылған. Әскери сарапшылар 2-4 мың аралығында Ресей солдаты қаза болды деп санайды. Ал Ресей қорғаныс министрлігі одан да аз көрсеткішті айтады.

Бір күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский шетел журналистеріне 24 ақпаннан бері шамамен 1300 украин жауынгері қаза болды деп мәлімдеген.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар