5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Ресей бірінші рет украин дрондарының шабуылына ұшырады

 

Ресей қалалары соғыс басталғалы бері бірінші рет украин дрондарының шабуылына ұшырады.

Сейсенбі, 28 ақпан күні Ресейдің бірнеше өңірі бірден Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары шабуыл жасады. Бұл соғыс басталған бір жылдан астам уақыт ішіндегі майдан шебінен жүздеген шақырым жерлерде жатқан Ресейдің территориясына жасалған бірінші қуатты соққы болды.

Украинамен тікелей шектесетін Брянск және Белгород облыстарының соңынан дрондар шабуылына Мәскеудің маңайы, Ленинград облысы және Краснодар өлкесі ұшырады.

Кубаньда түнгі сағат 2-де жарылыс заттары бар екі дрон «Роснефти» қоймасының территориясына жоспарлы түрде құлады. Туапсеге жақын жерде Қорғаныс министрлігінің казармасы орналасқан нысанда жарылыс болып, өрт басталды. Ал соққы тиген жерде әрбірі 1,5 метрлік екі шұңқыр қалды.

Осымен бір мезгілде Адыгеяда жарылыстар болды. Айрюм селолық қонысының басшысы Олег Коваленконың айтуынша, мұнда да жарылыстан кейін терең шұңқырлар қалған.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, таңертең Санкт-Петербург билігі қаланың әуе кеңістігін танылмаған ұшушы нысаннан қорғау үшін әскери ұшақтар легін шығаруға мәжбүр болған.

Мәскеудің жанында да бірнеше жерде жарылыс болып, дрондар құлаған.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар