2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Ресей әскері бейбіт тұрғындары атып тастады

 

Ресей әскерлері Киев облысының Ирпень қаласының тұрғындарды бір себептермен жақтырмай қырды. Сонымен қатар, танкілермен қаза тапқан украиндықтардың денесінің үстінен езіп өтен.

Бұл туралы брифинг барысында Ирпень қаласының мэрі Александр Маркушин айтты. Оның айтуынша, аман қалған қала тұрғындары жау қылмысының куәсі болған.

– Жергілікті тұрғындар өте жағымсыз нәрселерді айтты. Оларды ажыратқысы келді: ерлерді бөлек, әйелдерді бөлек. Бірақ адамдар жасырынып жүрді. (Ресейлік – Ред.) әскерилер адамдардан телефондарын алып, толығымен тінтіп жүрді. Себеі олар украиндық әскерилерге олардың ресейлік техникасы қайда екенін ескертпеу үшін жасады. Ресейліктер ұнатпаған адамдарды атып тастады. Бұл қазірдің өзінде – бұл қылмыс. Бүгін біздің топ қаза тапқан тұрғындардың денесін шығарумен айналысты. Мен айтамын, біреуге ұнамауы мүмкін, олар өлгендердің денесін танкілермен езіп кетті, – деді Маркушин.

Қазіргі жағдайды тілге тиек еткен Ирпень мэрі «қала 100 пайыз біздің әскердің бақылауында» деді. Сонымен бірге ол тұрғындарды әлі оралмауға шақырды, өйткені басқыншылар елді мекенді үздіксіз атқылап жатыр.

– Бүгінгі күні Ирпеньде әлі де қауіпті – бізді Буча, Ворцель аудандарынан үнемі атқылауда. Қала үнемі «Град», минометтерден, ауыр артиллериядан, танктерден және атқыштардан атқылаудан зардап шегуде. Бірақ периметрді толығымен біздің әскерлер бақылап отыр. Ал Ирпеньде ресейлік басқыншылары жоқ, – деп түйіндеді Маркушин.

Бұған дейін хабарлағандай, украин әскерлері Ирпеньді Ресей әскерінен азат етті. Қазір ол Украина қарулы күштердің толық бақылауында. Кейін Украина қарулы күштерінің арнайы операциялық жасақтары бұл қалада тазарту операциясын жүргізді.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеу жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар