6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Қымбатшылықты тізгіндеуге Әлихан Смайыловтың әлі жетпеді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.
«Біз былтыр қажетті қорды жинақтап алдық. Сондықтан көкөніс өнімдері жағынан тапшылығы болмауға тиіс еді. Әкімдерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік, қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп келе жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпын. Жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтайтын емес», – деді Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда премьер пияз мәселесін де еске салды. Әкімдерге алдын ала келісімшарт жасауға тапсырма берілген болатын. Бірақ олар бірнеше рет пияз жеткілікті деп айтқан.
«Онда пияз неге қымбаттап жатыр? Бізде пияз көп өседі. Алайда бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Біз бірінші кезекте өнім өндірушілерді форвардтық сатып алу механизмдерін қайта қарадық. Алайда әкімдер жеткізушілерге қаржы бөлуді доғармай отыр. Өкінішке қарай, ол делдалдарды көбейткеннен басқа нәтиже беріп жатқан жоқ», – деп атап көрсетті үкімет басшысы.
Бұдан бөлек, өңірлерге тұрақтандыру қорларын тиімді бағамен толтырып алуға мүмкіндік берілді. Бірақ тиімді жұмыс көрінбейді. Ал биыл инфляцияның деңгейін 9,5 проценттен асырмау қажет.
«Бұған қол жеткізуге әбден болады. Ол үшін тек барлық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет. Сіздерде қажетті құралдың бәрі бар», – дейді Смайылов.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар