Шаруалардың айтуынша, олар қыс түскенге дейін тәтті түбірді алқаптардан толығымен жинап үлгермей қалуы мүмкін, деп хабарлайды alash.kz.
Қант қызылшасын тасымалдау бойынша туындаған проблема әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, олар Шу ауданынан Меркідегі зауытқа жиналған өнімді тасуға тиіс болатын. Алайда серіктестік басшылығы алқаптан тәтті түбірді алып шығуға рұқсат бермей отыр екен. Кейбір жүк көліктерінің еш қозғалыссыз тұрғанына екі күннен асыпты.
Міне, қаншама «КАМАЗ» тұр мында. Қазақстанда қант жоқ дейді, ал бізге бастырмай жатыр. Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Қызылша-Жер». Бұны қашан жинап үлгереді? Қыс келе жатыр,