-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Құрбан айтта алматылықтар күш сынасты

Күллі мұсылман қауымның асыға күтетін мерекесі – Құрбан айтты алматылықтар да жоғары дәрежеде атап өтті.

Таң алакеуімденіп атқанда оқылған айт намазынан кейін Алматы орталық мешітінде спорттық шаралар түңлігін түрді. Әлемді уысында ұстаған ковид індетінен үзіліп қалып қайта жүлесі жалғанған спорттық шараға қатысушылар да көп болды. Оңтүстік астанамыздағы бұқаралық спорттың  қарны алуына серпін беретін, салауаттылықты насихаттайтын игілікті шара Алматы қалалық спорт басқармасы һәм қоғамдық дін істері басқармасының қолдауымен орталық мешіт басшылығы халықтық мереке ұйымдастырды.

Ұлттық мұраны ұлықтау негізінде ұйымдастырылған айтулы шарада жамағат  арқан тартыс, асық ату, қол күрес,  гир тасын көтеру, қошқар көтеру сынды сынақтардан сайысқа түсті.Ұлттық спортты     дәріптеп, төл өнерімізді ұлықтау бағытындағы спорттық сайысқа алматылықтар  белсене қатысты. Жиналған көпшіліктің назары қошқар көтерушілер сайысына бірден ауды. Өйткені дене бітімі өзгеше алып қошқарды кім көп көтереді сол үйіне алып кетеді дегенді естігенде бура сан, құрыш білек толағайдай жігіттер тізімге жазылды. Солардың арасынан  Бауыржан Әбілқайым есімді алматылық азамат 2 минуттың ішінде көк қошқарды  84 мәрте көтерді.

Қол күресінде сом білегінің күшіне ешкімді шақ келтірмеген  Абзал Пірімбек чемпион атанды.  Гир тасын 55 мәрте көтерген  Алмас Бөкенов те қайратты екен, алдына ешкім түсе алған жоқ. Бала күнінде асық ойынының түбін түсіріп, ауылдың бас мерген баласы атанған  Бекзат Әшірбай әлі де «құралайды көзге атанынын» паш етіп, ойнаушылардың  тырдай сыпырып алды.

Тоғызқұмалақ сайысында Айтжан Бекмұхамет пен Оразбек Қалбековтің мерейі үстем түсті.  Арқан тартысуда «Сұңқар» деген топ құрған жігіттердің тегеурініне ешкім де төтеп бере алмады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығына да бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы марапатталды.

Осындай сайыстарды жұртшылық арасында жиі ұйымдастыру арқылы  бұқаралық спорттың көкжиегі кеңейеді деген ұйымдастырушылар оңтүстік астанамыздың спортын өрге сүйреп келе жатқан азаматарға алғыс айтатынын жеткізді.

 

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар