-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Құмтөр алтын кеніші толығымен Қырғызстанның меншігіне өтті

 

Қырғызстан Құмтөрді  мемлекет меншігіне алу үдерісін аяқтады. Жүз пайыз акциясы қазір елдің меншігінде.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2021 жылдың 15 мамырынан бастап Қырғызстанға 323 миллион доллар түсетінін айтты, деп хабарлайды 24KG.

— Сонымен қатар «Centerra» компаниясы өткен жылдың үш тоқсаны үшін  11 миллион доллар көлемінде дивиденд төлейді. Сондай-ақ,  компания 50 миллион доллар көлемінде бір реттік төлем жасайды. Біз кен қорын бақылауды қалпына келтірдік, одан тағы 53 миллион доллар аламыз. Бұл қаражат Лондон банкіндегі сенім шоттарында болды. Centerra 2021 жылдың мамырында 29 миллион доллар көлемінде ала алмаған алтын жөнелтілімінен бас тартты, – деді ол.

Канадалық «Centerra Gold» компаниясы Құмтөрде алтынды барлау және өндірумен айналысты, кеніш компанияның негізгі активі болды. Қырғыз Республикасы «Қырғызалтын» ААҚ арқылы «Centerra Gold»-тың ең ірі – 26%-дан астам үлесінің иесі болды.

Өткен жылы Қырғызстан билігі компанияға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 3 миллиард доллардан астам қаржылық шағым түсірген. 2021 жылдың қарашасында Қырғызстан үкіметі Құмтөр кеніші енді  «Centerra Gold»  компаниясына тиесілі емес деп мәлімдеді.

Қаңтар айының басында мемлекет басшысы «Құмтөр» алтын кенішінде болып, «Centerra Gold» компаниясының еншілес кәсіпорны «Құмтор Голд Компани» ЖАҚ (КГК) қызметімен танысты. Ол канадалық компаниямен келіссөздер үдерісінде ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін және бітімгершілік келісімін талқылау аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Канадалық компания да бітімгершілік келісімінің шарттарын баяндайтын мәлімдеме жасады.

Оның ішінде компанияның үлесін Қырғызстанға тиесілі ««Centerra»-ға  беру туралы екі тарап та мәлімдеді. Олар барлық өзара талап-арыздар мен іс жүргізуден бас тартады.

Құмтөр – әлемдегі екінші таулы аймақты алтын кеніші, ол Перудағы Янакоча алтын кенішінен кейінгі екінші орында.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар