21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Қостанай әуежайына Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай қаласының халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-тар хабарлады. Бұған дейін әуежай қызметкерлері бастама көтеріп, депутаттар құптаған.

Әдебиеттанушы, тілтанушы, түркітанушы ғалым, публицист, мемлекет қайраткері, 20 ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы советтік қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылы атылған.

Кейінгі жылдары Қазақстанда түрлі әуежайларға қазақ халқының белгілі қайраткерлерінің аты беріле бастағаны байқалады.

2020 жылы Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова, Семей халықаралық әуежайына Абай, 2021 жылы Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова, 2022 жылы Орал халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметова есімдері берілген.

2017 жылы Қазақстан астанасының халықаралық әуежайы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев атымен аталған.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар