21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

«Қошан» образы мен Қошан Мұстафаұлының қандай байланысы бар?

Көрермен көзайымына айналған қойылымның бірі қыз іздеген ауған соғысының ардагері Қошан образы болды. Десе де, театр сахнасындағы бұл кейіпкердің өмірде журналист Қошан Мұстафаұлымен тікелей байланысы бар болып шықты.

Бұл туралы Қошан Мұстафаұлы өзі айтып берді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада «Алматыда кеудемнен ешкім ұстамаған» деген сөздер тікелей сізге байланысты ғой деген сұрақты да растайды. Бірақ театр сахнасында ұсынылған қойылым режиссердің фантазиясымен әрленгені болмаса, сол айтылған сөздер 90-жылдардағы қазақ жігіттерінің жігерін, рухын анық көрсетеді, дейді.

«Әркімнің қабылдауы әртүрлі ғой. Ол жылдары ешкімнің ұстамағаны рас» деген Қошан Мұстафаұлына сол образды сізден алған дейді ғой деген тағы сұрақ қойылады. Ол «мүмкін, олар інішектер ғой» деп жауап береді.

79-шы жылы оқуға түскенде Алматыда шешен, грузин, түріктер бірігіп алып «біз кавказдықтармыз» деп ел жиналатын жерде жүретін. «Алматы біздікі» дейді. Сосын мен оларға шаңыраққа қараңдар деп, қазақ жігіттерімен сабасына түсіргенбіз,

— дейді ол бейнежазбада.

Сонымен қатар, осындай қиын кезеңде айтылған әрбір қазақ жігіттерінің намысты сөздері, отты көздері мен образы сол сахнадағы кейіпкер қимылынан, әрекетінен көрінетіні рас деп те түйіндейді ойын.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар