Posted inЖаңалықтар

Қош бол, Әбе!

Классик жазушымыз Әбдіжәмил Нұрпейісов 98-ге қараған жасында дүние салды. Асыл сөздің абызынан айырылдық. Алаш жұртына көңіл айтамыз! Жер басып жүрген әр қазаққа Әбекеңнің жасын берсін!
Қалам ұстаған адамның бір ақ мақсаты бар. Ол – қалайда жазу. Әрине, көпіртіп оңды-солды сүйкей беру емес, жақсы жазу, өлмейтін, өшпейтін образ жасау. Әбдіжәміл Нұрпейісов өзіне өзгеден де қатал бола жүріп сол биікті бағындырған бірегей жазушы болып тарихта қалды.
Замандастары, екі-үш мүшел кіші қаламдастары жарыса, мерейтой өткізіп даңққа бөленіп, құрметке оранып жатқанда, түсінікті һәм түсініксіз Әбең өмір бойы жазып келе жатқан «Қан мен тер», «Соңғы парыз» (Әлемнің көптеген тілдеріне аударылып өз бағасын әлдеқашан алып қойғанына қарамастан) романдарын ұстартып, қысқартып өңдеумен болды. Бұл жанкештіліктің игілігін кім көрді, әрине, қазақ әдебиеті мен мәдениеті көрді.
Бітімі бөлек, күрделі тұлға өзімен бірге біраз жұмбақты ала кеткендей көрінеді де тұрады…
Жастарға ақсақалдың еңбекқорлығы, жазуға деген жауапкершілігі мен ұстанымы жұғысты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Social media & sharing icons powered by UltimatelySocial