2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Қолына кісен тағылған Боранбаевтың видеосы пайда болды (видео)

 

Алматыда қамауға алынған белгілі кәсіпкер, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Бейнекадрда құқық қорғау органдары қолына кісен салынған Қайрат Боранбаевты ұшақтан шығарып, шағын автобусқа отырғызды.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев Orda.kz тілшісінің камерасына түскен сәтте ұсталған болатын. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Orda.kz тілшілері кеше Қайрат Боранбаевты Аюсай шатқалында суретке түсіріп алды. Ол біраз адамдармен бірге баяу жүріп келе жатты. Оның екі қолы артына қайырылған, бірақ кісенсіз. Журналистерді көрген ол қасындағылармен бірге тез ішке кіріп кетті.
Дәл сол уақытта шатқалда қоңыр аюларды жаңғырту жобасының тұсаукесері өтіп жатқан еді.

Orda.kz редакциясы табиғатты тамашалауға Боранбаев та келді деп шешті. Кешке қарай оның ұсталғаны белгілі болды. Алайда, аты-жөнін атамауды өтінген  қаржы мониторингі агенттігінің қызметкері бізге McDonald’s франшизасы иесінің Аюсай шатқалында вилласы бар екенін және сол сәтте онда тінту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Ал Orda.kz камерасына түскен кезде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерімен виллаға іргелес аумақты айналып өтіп бара жатқан болып шықты. Осыдан кейін таудан түскен Боранбаевқа бірден ресми түрде айып тағылды.

Еске салсақ, 15 наурызда Боранбаевты Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері қамауға алды. 16 наурыз күні ол Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

«Боранбаев астанаға Қазақстанның құқық қорғау органдарына тағайындалған Як-42Д ұшағымен жақында ғана әкелінді» деді дереккөз.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар