5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз күнәхар болғаны ма? – Ерлан Қошанов

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мектепте хиджаб кию мәселесінің дауға айналуына қатысты пікір білдірді.

«БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ АЛУАН ТҮРЛІ ПІКІР АЙТЫЛЫП ЖАТЫР.  БІРАҚ ҚАЗАҚСТАН – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ, КОНСТИТУЦИЯМЫЗДА, БАСҚА ЗАҢДАРЫМЫЗДА АНЫҚ КӨРСЕТІЛГЕН. СОНДАЙ-АҚ, АТА ЗАҢЫМЫЗ ДІН БОСТАНДЫҒЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙМАЙДЫ, ӨЗІНІҢ ДІНИ РӘСІМДЕРІН ЖАСАЙМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ ЕШБІР ШЕКТЕУ ЖОҚ. ДІНИ РӘСІМІН АТҚАРАМЫН ДЕГЕН АЗАМАТТАРҒА, МЕШІТТЕ МЕ, ШІРКЕУДЕ МЕ – ДІНИ РӘСІМДЕРІН ӨТКІЗУГЕ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР”, – ДЕП АТАП ӨТТІ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ.

Оның пікірінше, мектептерді саяси немесе діни ағымдардың ортасына айналдыруға болмайды.

“МЕКТЕП – БІЛІМ ОРДАСЫ. ОЛ ЖЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ КЕРЕК. ОҚУШЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – БІЛІМ АЛУ. ОҚЫТУШЫЛАРДЫ, БАЛАЛАРДЫ БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АЛАҢДАТПАУЫМЫЗ КЕРЕК. МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ МИНИСТРЛІК БЕКІТКЕН СТАНДАРТТАРЫ БАР. СОЛ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУ ҚАЖЕТ”, – ДЕДІ ҚОШАНОВ.

Қошанов балалар кәмелет жасына жеткеннен кейін таңдауды өзі жасайтынын атап өтті. Ал “әсіредіншілдердің дауысы қаттырақ шыға бастады, бұл қауіпті емес пе? Қазақстан қашан салафизмге тыйым салады” деген сұраққа Қошанов былай дейді.

“ДОМБЫРА ХАРАМ” ДЕГЕН ӘҢГІМЕ ШЫҚТЫ. СОЛАЙ ДЕП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРҒА АЙТАРЫМ – ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ҚОЛЫНА ДОМБЫРА ҰСТАП ЖҮРГЕН БАБАЛАРЫМЫЗ СОНДА КҮНӘХАР БОЛҒАНЫ МА? СОНДЫҚТАН БҰЛ ЖЕРДЕ ДІНИ ТЕРІС АҒЫМДА ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРҒА ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ТЫЙЫМ САЛУЫМЫЗ КЕРЕК”, – ДЕДІ ҚОШАНОВ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын  оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров кез келген діни шектеулер конституциялық құқықтардың бұзылуына алып келетінін мәлімдеген. Ал оның әріптесі Ардақ Назаров Қазақстан зайырлы мемлекет екенін еске салып, оның әрбір азаматы заңға бағынуы керегін айтты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да дауға айналған мәселеге қатысты ойын ортаға салды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар