21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Қазыбек Иса мемлекеттік тілге қатысты заңды өзгертуді қолдамаған депутаттарды атады

Парламент Мәжілісіндегі 27 сәуірдегі Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, Конституцияның 7-ші бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің статусын жеке дара айқындау, еліміздің ақпарат алаңын шетел телеарналарынан тазарту, біздің елге көршілес елдерден ағылып жатқандарға тосқауыл қою мақсатында Қазақстан Азаматтығын алу үшін Қазақ тілі мен ел тарихынан емтихан тапсыру туралы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі, ақын Қазыбек Исаның депутаттық сауалын қолдап, 107 депутаттың 38 депутаты қол қойды.

Белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызының осы мәселе төңірегінде қойған сауалына депутат Қазыбек Иса жауап берді.

«Сәуле Мешітбайқызы, дұрыс айтасыз апай, мен бұларға, “осы қолдайды-ау” деген депутаттардың барлығының телефондарына жеке жазып жіберіп, екі күн күттім. Кейбірі жауап бермей құтылды, кейбір қазақ депутаттар қазақ тілі туралы депутаттық сауалды қолдаудан бас тартты.

Өзге ұлт өкілдері Шиповских, Платонов, Смышляева, Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов, Қаратаевтардан бастап Мемлекеттік тілді қолдап, отаншылдық рухын көрсетіп жатқанда қазақ депутаттардың бұғып қалғаны әрине, өте өкінішті!» – деп жазды депутат.  



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар