Путиншіл Ресей әншісі Григорий Лепстің концерті елімізде өткізілмейтін болған соң, оның директоры «Қазақстан – нағыз русофоб ел» депті.
«Кейінгі кездері Қазақстан нағыз русофобқа айналған. Концертті қойғызудан бас тартыпты. Өздері білсін. Қазақстансыз-ақ күнімізді көреміз. Біз өз елімізді қолдаймыз, ол үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Жеңіс біздікі болуы керек…
Біз түк те ренжіген жоқпыз. Біз өзіміздің Қарулы күштеріміз бен армиямызды қолдан келгенше қолдап келеміз және мұны жалғастыра береміз. Біз Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс ісмедік, болашқта да істемейміз. Біз дұшпан елдерге бармаймыз. Дұшпандарымыз бізге не істесе, біз де соны істейміз»,-деп жазыпты Лепстің директоры.
Айта кетейік, украин танкілерін жойғандарға 1 млн рубльден ұсынатынын айтқан соғыс насихатшысы Григорий Лепстің Қонаев қаласына жоспарланған ән кеші өтпейтін болды.
Айтпақшы, ювенологиялық орталықтың директоры Александр Тесленко дейтін адам жуырда «Евразия.Эксперт» басылымына сұхбат беріпті. Сұхбатында агрессор Ресей президенті Владимир Путиннің Батыс елдері туралы жағымсыз риторикасын айнытпай қайталапты.
Ресейге бүйрегі бұрған тілші былай деп сұрайды:
«Батыста оқыған көптеген Қазақстан жастары елге оралғаннан кейін Батыстың мүддесін қорғап, солардың лоббистеріне айналады. Билікте отырған Батысшыл күштер Ресейге қарсы санкция салатын елдерге қосылуды жақтайды, Ресейге қарсы ұлтшылдықты күшейтеді. Көбісі неолибералдық құндылықтарды, соның ішінде ЛГБТ-ны қолдауды және көпшілікті азшылықтың мүдделеріне бағындыруды қолдайды. Оларға не әсер етті? Бұл Батыстық білімнен шығар, әлде басқа факторлар ма?»