15 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Қазақстанға үлкен қауіп…»

Белгілі саясаткер Дос Көшім Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығысқа қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы теке-тіреске Кеңес үкіметі кезіндегі шекараны белгілеуде кеткен қате себеп, деп хабарлайды Alash.kz.

Қырғыз-Тәжік шекарасындағы атыстан 59 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Қырғызстан билігі 140 мыңға жуық адамын қауіпсіз жерге көшірді. Бұл екі ел арасында болып жатқан алғашқы қақтығыс емес.

2021 жылдың көктемінде шекарадағы шиеліністен ондаған адам көз жұмған болатын. Саясаткер Дос Көшім мұның себебін Кеңес үкіметі кезіндегі кеткен қателердің салдарынан іздейді. Ол бұл жағдай Қазақстанда да болуы мүмкін екенін жасырмайды.

«Кеңес үкіметі кезінде республикалар арасындағы шекараны белгілеуде көп қате кеткен. Әркім әлі күнге мынау менің жерім деп жүр. Бұл — бірінші мәселе. Ал екіншісі, менің ойымша, келешекте Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанға үлкен қауіп болатын ол су мәселесі. Бізге де осы Қырғыз, Өзбекстан жақтағы су ресурстарына қатысты үлкен мәселелер бар. Оны айтып та, біліп те отырмыз. Осы екі негізгі мәселе шекарадағы қақтығысқа алып келіп отыр», — деді Дос Көшім.

Айта кетейік, екі елдің басшылары қыркүйектің 16-да атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Бірақ соған қарамастан шекарадағы жағдай әлі ушығып тұр. Душанбе қақтығысты Қырғызстанның шекара әскерлері тудырды десе, Бішкек Тәжікстан арандатушылық жасады деп айыптады. Саясаткер атысты тоқтатудың бірнеше жолы бар дейді.

«Екі елдің басшылары өзара атысты тоқтатуға келіскенмен, жергілікті халықтың өзара бір-біріне деген өшпенділігі бар. Өйткені екі жақтан көп адам көз жұмды, бұл қанды кекке ұласып кетуі мүмкін. Бұл теке-тірес тек үшінші мемлекет арласқанда ғана немесе Халықаралық ұйымдар ортаға түскенде ғана шешіледі. Қырғыздың саны аз болғанымен, күші көп. Ұмытпасам тәжіктер 9 миллионның үстінде, ал қырғыздар алты миллиондай ғана. Ал қару-жарағын салыстырсақ, қырғыздар Тәжікстанға қарағанда әскері көп. Сондықтан ит-жығыс түсетін мемлекеттер арасындағы соғыс әрдайым ұзаққа созылады», — деді саясаткер.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар