14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Қазақстандық банктерде ресейлік рубль толып қалды

Қазақстандағы коммерциялық банктерде қолма-қол ресейлік рубль толып қалды, бұған биліктің шетел валютасын елден шығаруға тыйым салуы себеп болды, деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Банктегілердің айтуынша, рубльдің көбейіп кетуіне Ресеймен арадағы сауданың артуы, Ресей азаматтарының Еуразия экономика одағы аясында емін-еркін жүруі де әсер етті.

Биыл наурызда Қазақстан президенті адам басына 10 мың доллардан асатын валютаны елден шығаруға тыйым салған. Ұлттық банк пен үкімет екінші деңгейлі банктердің рубльді сыртқа шығаруына мүмкіндік жасау үшін жарлыққа өзгеріс дайындады, дейді 13 шілдеде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Қазақстандық банктерде нақты қанша рубль қордаланып қалғаны белгісіз. Жергілік ақпарат құралдарының хабарлауынша, мамырдың соңында елдегі қолма-қол рубль 25-35 миллиард шамасында болған. Қазір одан да көп болуы мүмкін.

Батыс елдері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты жариялаған санкцияларынан соң рубль әлсіреген, бірақ ол бірнеше аптадан бері нығайып келеді. Сарапшылардың дені рубль бағамы жасанды деп есептейді.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар