2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Қазақстандағы танымал ұлттық саябақтардың үздік бестігі

Қазақстанда 2021 жылы ең көп баратын ұлттық саябақтардың рейтингі жасалды, – деп хабарлайды Alash.Press тілшісі Sayahat Time телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Өткен жылы отандық ұлттық саябақтар 1,48 миллион адамды қабылдады. Бұл – соңғы бес жылдағы рекорд көрсеткіш. 2021 жылы туристердің көбі Бурабайға келді – 655 000-нан аса адам. Келушілер саны бойынша екінші орында – Іле Алатауы, көрсеткіші 430 044 адам. Көшбасшылар үштігінде 160 520 демалушы келген Көлсай көлдері бар. Топ-5 құрамына Баянауыл (56 200 адам) және Көкшетау (49 045 адам) кірді.

Қазақстанда 14 ұлттық саябақ бар. Олардың ішіндегі ең жасы – Тарбағатай (2018 жылы құрылған) және Ұлытау (2021 жылы). Барлық ұлттық саябақтың жалпы ауданы – 2 700 000 гектар немесе Қазақстан ауданының 1 пайызы.

Пандемия басталғанға дейін ұлттық саябақтарға бару қарқыны өсті:

2017 жыл – 1,12 миллион адам,
2018 жыл – 1,14 миллион адам,
2019 жыл – 1,38 миллион адам.

Бірақ 2020 жылы карантин шектеулеріне байланысты ұлттық парктерге 890 000 адам келді. Баянауыл ұлттық саябағына жыл бұрынғыға қарағанда 21 есе аз адам саяхат жасаған. Алтынемел, Көкшетау, Қарқаралы және Бұйратауға бару екі есеге азайды.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар