6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Қазақстанда жаңа футбол лигасы құрылды

 

Елімізде жасөспірімдер үшін жаңа QJ League құрылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатысады:

    • «Астана»;

 

    • «Жас Қыран» (Алматы);

 

    • «Қайрат» (Алматы);

 

    • «Оңтүстік» (Шымкент);

 

    • «Ордабасы» (Шымкент);

 

    • «Ақсу» (Павлодар облысы);

 

    • «Ақтөбе»;

 

    • «Атырау»;

 

    • «Қайсар» (Қызылорда);

 

    • «Каспий» (Ақтау);

 

    • «Тараз»;

 

    • «Шахтер» (Қарағанды).

 

QJ League-те 2023 жылғы маусымда матчтар апта сайын («үйде-сыртта» форматында, барлығы 132 матч) өткізіледі. Бұл футболшыларға кәсіби футбол талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

 

Жаңа лиганың мақсаты – ұлттық құрамаға сапалы резерв дайындау. Бұл – стратегиямыздың бір бөлігі болып саналатын балалар футболын дамытуға мүмкіндік беретін негізгі жоба. Осы арқылы біз дарынды балаларды дайындайтын жарыс жүйесін құрамыз. Осылайша, жастарға кәсіби футболдағы алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік береміз, – деді ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов.

 

ҚКФЛ және QJ League президенті Рохус Шох жаңа лига талантты жас футболшылар резервін құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Балалар футболының дамуына жүйелі түрде қарау керек. Әйтпесе, оң нәтижеге жету қиын. QJ League-ны Қазақстан футболдағы революция іспетті. Жастарымыз 100% кәсіби деңгейде ұйымдастырылатын турнирге қатысады. Мұндағы ойындар Қазақстан премьер-лигасының деңгейінде өтеді. Осылайша, дарынды, жас футболшылардың резервін құрамыз, – деді ол.

 

QJ League аясындағы алғашқы матч 22 сәуірде сағат 17:00-де «Астана Аренада» өтеді.

Айта кетейік, QJ League матчтары Qazsport, QSport және Setanta Qazaqstan телеарналарынан және жаңа лиганың ресми Youtube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар