2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Қазақстанда утилизация алымы 50 пайызға азаяды


Қазақстанда автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына утилизация алымының мөлшері 50 пайызға азаяды. Бұл жөнінде 23 ақпан күні мемлекетік «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр хабарлады.

Оның айтуынша, автокөліктің барлық түрі мен ауыл шаруашылығы техникасына утилизация алымын 50 пайызға азайту туралы шешім қабылданған.

Қазір елде мұндай алым мөлшері көлік көлеміне қарай 437 мың теңгеден басталып, 5,9 миллион теңгеге дейін барады.

Бұған дейін оған қарсы азаматтар дамыған елдерде утилизация алымы 100 мың теңгеден аспайтынын, ал кей мемлекетте көлікті утилизациядан өткізетін зауыттар өзін-өзі қамтамасыз ететінін айтқан.

Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев утилизация алымын жинаумен жеке компания емес, мемлекеттік орган айналысуы керек деп мәлімдеп, экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысты «Оператор РОП» компаниясын жабуды тапсырған. Артынша оның функциясы «Жасыл даму» акционерлік қоғамына жүктеліп, ақпан айының басында утилизация алымын қабылдай бастаған.

23 ақпан күнгі сұхбатында Роман Скляр үкімет жаңа оператордың есепшотындағы 200 млрд теңге қаражаттың 130 млрд теңгесін көлік несиесінің шарттарын жеңілдету мен автобустар сатып алуға жұмсау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

– «Жасыл дамудың» есепшотында қалған қаражат халық игілігіне жұмсалуы тиіс. Мұны қалай жүзеге асырамыз? 100 млрд теңге отандық көліктерді жеңіл шарттармен несиеге беруге жұмсалады. Жылдық сыйақы мөлшері – 4 пайыз, алғашқы жарнасы нөл теңгемен жеті жылға беріледі» деді Скляр.

Оның айтуынша, нақты жағдайда 71 мың азамат аса қымбат емес жаңа көліктерді сатып ала алады. Ал 30 млрд теңге автобус парктерін жаңалауға жұмсалады.

Елде былтырдан бері утилизация алымын азайтуды немесе мүлде алып тастауды талап еткен жүргізушілер наразылығы көбейген шақта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаңтарда утилизация алымын жаңа әдіс бойынша есептейтінін хабарлаған.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар