15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Қазақстанда McDonaldʼs «уақытша» қызметін тоқтатты


Қазақстанда McDonaldʼs фаст-фуд желісі instagram парақшасындағы стористе уақытша жұмысын тоқтатқанын хабарлады. McDonaldʼs хабарламасында жұмысын «техникалық себептерге» байланысты уақытша тоқтағанын жазған. Компания фаст-фуд желілері қашан ашылатынын нақты айтпады.

Қазақстандағы McDonaldʼs желісінің франчайзиі елдегі ірі бизнесмен, Назарбаев әулетінің экс-құдасы Қайрат Боранбаевқа ( тиесілі. Ол биыл наурызда «квазимемлекеттік секторден аса ірі көлемде қаржы жымқырды» деген күдікпен қамауға алынған.

Бұдан бөлек, наурызда Forbes журналы McDonaldʼs компаниясының Ресейден кетуі Қазақстандағы McDonaldʼs желілеріне әскер етуі мүмкін деп жазған еді. Журнал Қазақстандағы McDonaldʼs тағам дайындауға қажеттілердің басым бөлігін ресейлік тасымалдаушылардан алатынын айтқан. Ресей Украинаға соғыс ашқан соң McDonaldʼs бұл елдегі қызметін тоқтатқан еді.

McDonaldʼs желілері Қазақстанда 2016 жылы ашылған. Қазір елдің алты қаласында бұл фаст-фуд ресторандары бар.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар