-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Қазақстанда «есірткі жарнамасына қатысы бар» 1,5 мыңнан астам сайт жабылды

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Қазақстанда 1606 веб-сайт, аккаунт пен ресурстың «есірткі және психотроп заттардың тарауына қатысы бар» деген күдікке ілініп, жабылғанын хабарлады.

«Есірткіні тарату жайлы ақпарат жариялаған сайт, жазба, блог және жарнамаларды анықтау үшін мамандарымыз интернетке мониторинг жүргізеді. Есірткіні заңсыз жарнамалау бойынша 76 сотқа дейінгі іс, оны интернет арқылы сату бойынша 153 қылмыстық іс тіркелді» деді ішкі істер министрлігінің өкілі Данияр Оралов дүйсенбі күнгі брифинг кезінде.

Азаматтарды сақ болуға үндеген министрлік өкілі «жұмыстың сипатын білмей тұрып қандай да бір сайтқа әкімші немесе ұйымға курьер болу туралы ұсынысты қабылдамауға» шақырды. Спикердің айтуынша, дәл сол есірткі тарататын сайттар әкімшісі мен курьерлерді полиция ұстайды, ал сот оларды ұзақ жылға бас бостандығынан айырады.

  • Қазақстанда психикалық саулық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, есірткіге тәуелді ондаған мың адам тіркеуде тұр. Психтропты заттарға тәуелді пациенттермен жұмыс істеген дәрігерлердің сөзіне қарағанда, елде 2009 жылдан бері пайда бола бастаған мұндай жаңа заттардың психика мен денсаулыққа әсері өте ауыр. Мұндай заттарға тәуелді пациенттердің қайта қалпына келуіне жылдар кетеді.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар