10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Қазақстанда бір күнде үш мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды


27 шілдеде Қазақстанда 3175 адамнан коронавирус анықталды. 1409 адам жазылып шықты. Бұл жөнінде үкімет жанындағы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп көрсеткіш Нұр-Сұлтан (915), Алматы (767) және Қарағанды облысында (355) тіркелген. Шымкентте – 127, Жетісу облысында – 123, Ақмола облысында 104 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қалған облыстарда ондаған науқас тіркелген.

Пандемия басталғалы бері коронавируспен ауырғандар 1 341 265 адамға жетті.

Қазір 22 748 адам коронавирустан емделіп жатыр. 1371-і стационарда жатыр. Қалғаны амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. 25 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің халі мүшкіл. 7 науқас жасанды тыныс аппаратымен тыныс алып жатыр.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақта» тұр. Қалған қалалар «жасыл аймақта»тұр. Бұған дейін министрлік аймақтарды «жасыл», «сары», «қызылға» бөлу критерийлері өзгергенін хабарлаған.

Қазақстанда коронавирустың қайтадан күшейе бастағаны маусым айының басында байқалған. Ол кезде наурыз айынан бері алғаш рет 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған және Қазақстан үкіметі маска тағу режимі қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген. 14 шілдеден бастап күніне коронавирусқа шалдыққан мыңнан астам адам, 21 шілдеде екі мыңнан астам адам тіркеле бастаған.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар