2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Қазақстан «Жібек жолы» жүк кемесін жалдаған Ресей компаниясымен келісімді үзуі мүмкін


Қазақстан «Жібек жолы» жүк кемесін жалға алған Ресей компаниясымен келісімшартты үзуі мүмкін. Бұл жөнінде 5 шілдеде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп хабарлайды Atameken Business.

– Егер Қазақстанда және халықаралық құқықта бекітілген нормаға сай келмейтін әрекетпен шұғылданса, онда келісімшарт бұзылып жүк кемесі қайтарылады, – дейді Өскенбаев.

Таяуда Украина астығын ұрлап алып шыққан Ресей кемесі Түркияда ұсталған. Кеменің аты – «Жібек жолы».

1 шілдеде қазақстандық «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (оған еншілес KTZ Express компаниясына «Жібек жолы» кемесі тиесілі) жеті тоннаға дейін жүк таси алатын кеме былтыр Ресейдің «Грин-Лайн» компаниясына бербоут-чартер келісімі бойынша берілгенін және эстониялық Mangelbert OU компаниясымен жасалған келісім бойынша астық тасығанын мәлімдеген.

Украина бас прокуратурасы «Жібек жолы» жүк кемесінің «Украина астығын заңсыз экспорттауға қатысы бар» деп хабарлаған.

30 маусымда Ресей басып алған Бердянск портынан астық артқан алғаш кеме шыққан. Ресей тағайындаған жергілікті билік өкілдері оның «Ресеймен дос елдерге» баратынын айтқан.

Ресеймен соғысқа байланысты Украинаның Қара теңіз портында шетел нарығына арналған миллиондаған тонна астық жиналып қалған. БҰҰ бұл астық порттан шығарылмаса, Африка, Азия мен Таяу Шығыстың кедей елдерінде аштық болуы мүмкін деп отыр.

Украина билігінің мәліметіне қарағанда, Ресей басып кіргелі Украина жерінен кемі 400 мың тонна астық ұрланған. Ресей астық ұрладым деп есептемейді.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар