2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Қазақстан Өзбекстан билігінің Қарақалпақстан бойынша шешімдерін қолдайды

​​Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз. Қазақстан Өзбекстамен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы Шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы Шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем, – делінген ресми мәлімдемеде.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойғанын айта кету керек. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлаған.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар