21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Қазақстан билігі 7 және 9 мамырда әскери парад өткізуден бас тартты

Қазақстан билігі биыл 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні әскери парад өткізбейді. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлады.

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына, сонымен бірге 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парадтар өткізу жоспарланбаған» деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Ведомство хабарламасында әскери парадтан бас тарту себебін түсіндірмеген.

Министрліктің мәлімдеуінше, елде бұл күндері елу шақты «әскери-патриоттық іс-шаралар» ұйымдастырылады.

Қазақстан билігі 2020 және 2021 жылдары да Жеңіс күні әскери парад өткізген жоқ. Мұндай шешім коронавирус індетіне байланысты қабылданды.

Былтыр президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Берік Уәли Жеңіс күніне жоспарланған салтанатты шаралар 2022 жылға шегерілгенін хабарлаған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар