-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Қазақстан армиясына 168 «Арлан» беренді автокөлігін сатып алуға 82 млрд жұмсалады


Қазақстан қарулы күштеріне 168 «Арлан» беренді автокөлігін сатып алуға 82 миллиардтан астам теңге жұмсалады, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа сілтеме жасап.

Министрдің мәліметінше, 2016 жылдан бері әскери бөлімдерді техникамен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» («КПИ») компаниясынан 138 «Арлан» (6×6) беренді автокөлігі сатып алынған.

«2022 жылы тағы 10 «Арлан» беренді техникасы алынса, 2023 жылы 20 «Арлан» көлігін сатып алу жоспарланған. Осылайша қарулы күштерді нығайту мақсатында сатып алынған «Арлан» беренді көлігі 168-ге жетеді. Олардың жалпы құны – 82 миллиард теңгеден асады», — деп жауап берді Жақсылықов мәжіліс депутатының сауалына.

«Арлан» беренді автокөліктерін Қазақстанның әскери бөлімдері 2016 жылдан пайдалана бастады. Сол жылы Қазақстан Оңтүстік Африка Республикасының Paramount Grou концернімен келісімге отырған. ОАР-да бұл көлік Marauder деп аталады. Беренді көліктің мұндай түрі Әзербайжан, Алжир, Иордания және Конгода бар.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар