5 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Қазақ тіліне қарсы сөйлеген Мухоряповтың өнімдерінен жұрт жаппай бас тартып жатыр

Қазақстандық кәсіпкер кешелі бері үлкен сынның астында қалды. Ол жиындардың бірінде орысша сұраққа қазақша жауап бергендерде «ұлтшылдықтың сәл көрінісі барын, бұл жағдай үлкен мәдениеттің белгісі емес екенін» айтқан.

Кәсіпкер Рәміл Мухоряповтың көпшілік алдында сөйлеп жатқан видеосы тарады. Ол жиында орысша сөйлегендерге Қазақстанның азаматтары қазақша жауап берсе не болады деген мәселе талқыланған. Сол кезде кәсіпкер ойын аталған мәселеге байланысты былай білдіреді.

«Егер мұндай болса қатты қапаланар едім. Меніңше, бұл сәл біртүрлі. Ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес. Біздің меймандығымыз бәрін көтеріп кетуі керек», – дейді ол.

Кәсіпкердің осы сөзіне реакция тым көп. Жұрттың көбі тіпті Мухоряповқа тиесілі «Chocolife.me, Chocotravel, Chocomart.kz, iDoctor.kz» өнімдерінен бас тартып жатыр. Ал Рәмілдің өз инстаграм парақшасына кешелі бері 10 мыңға жуық қазақстандық пікір қалдырған. Осылайша, қазақ тіліне қарсы сөйлеген Рәміл Мухоряповтың өнімдерінен жұрт жаппай бас тартып жатыр. Көбі кәсіпкерге ашулы. Ал Мухоряпов өз постына қалдырған комментерінің бірінде сөзі «контексттен жұлынып алынып берілгенін» айтып ақталып жатыр.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар